"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұресіл ауылының ЖОББМ бойынша «Мектепке жол» ақпараты

07.09.2021

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде "Мектепке жол" акциясы өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде нақты атаулы көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың сабаққа қатыспауының алдын алу.

2021 жылдан бастап (жыл бойы) "Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Биыл "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы " Менің таңдауым – балаларға көмектесу!».

Акция шеңберінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тегін тамақпен, киіммен, аяқ киіммен, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету мақсатында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Іс-шаралар жоспары мектеп директоры А.О.Конкыбаеваның, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Абдрахманованың, мектептің әлеуметтік педагогы Г.К.Дюсембаеваның құрамды комиссияның басшылығымен іске асырылады.

2020-2021 оқу жылының соңында Нұресіл ауылының ЖОББМ әкімшілігі жергілікті кәсіпкерлерге, мектеп демеушілеріне ашық хаттар жолдады. Сынып жетекшілері көп балалы, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардың ата-аналарымен байланысып, балаларға әлеуметтік көмек көрсету және анықтау мақсатында ата-аналармен әңгімелесті.

Биыл оқушы И.Гончарға мектеп формасын сатып алуға 10000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкер Хасен Айнаш көпбалалы және аз қамтылған екі отбасын мектепке қажетті канцелярлық тауар алуға 10000 тг көлемінде қаржылай көмектесті. «Ақтық «АҚ» әкімшілігі тарапынан 1-сыныпта оқитын екі оқушыға 20000 тг көлемінде  көмек көрсетті. Нұр Отан партиясының депутаты Конорбаева Л.А. 1 сынып оқушысына спорт формасын мен кроссовки алуға демеушілік көмек көрсетті.

Сондай-ақ жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 14 оқушыға әр балаға 27900 теңгеден мектеп керек-жарақтарын сатып алуға сертификаттар берілді.

"Мектепке жол" акциясы жыл бойы жалғасады.

 Нұресіл ауылының ЖОББМ ТІМ Абдрахманова К. К.

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст