"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты «Адалдық сағаты»

22.09.2021

«Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты «Адалдық сағаты»

    Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 22.09.2021 күні 1-11 сыныптар арасында «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты «Адалдық сағаты» өтті. Бұл жұмыстың мақсаты: жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру. "Адалдық сағаты"қазақ руханиятында терең із қалдырған,  қаһармандық, батырлық әрекетімен,  ғылыми ізденістерімен, ұстаздық және қаламгерлік қабілет-дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзгешеленетін тарихи тұлға - Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған.Акцияның басты мақсаты – ұлы тұлға ойшылдың еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Қазақ кеңес ғалым-педагогы жас ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес»атты еңбегі - өскелең ұрпақты патриотизм мен батылдыққа тәрбиелеуде өз мәнін жоғалтпаған құнды еңбек. Бұл кітапта халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік функциялары ашылады.

Мәлік Ғабдуллин ұлтын сүйген ұлы тұлға ғана емес, өмірлік ұстанымы да  ерекше жан болатын. Ол өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан жасырған емес. Ұлы Отан соғысында Мәлік батырдың өзі мен жолдастары бастан кешкен соғыс өмірі  туралы жазбаларында ол өзі көрген өмірдің қызықты да қалтарысты сырын, батырлық пен қорқақтық, төзім мен намыс, достық пен қастандық туралы толғанады.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова К. К.

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст