2021 жылы 28 қыркүйекте «Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай ашық сабақ өтті. Іс-шараның басты мақсаты-Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу. Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Шара барысында оқушыларға ел тәуелсіздігінің құндылығы, тәуелсіздіктің жетістіктері, тәуелсіздіктің артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Оқушылар еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс -шара санитарлық -эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтті.
Ұйымдастырылған шаралар мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Абдрахманова К.К.