"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні. Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды. Іс - шараның мақсаты: -патриотизмді маңызды рухани - адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде қалыптастыру; - ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, әлеуметтік белсенділік; - Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу; - Оқушылардың Отан мүдделерін қорғау бойынша конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Міндеттері: - мектептегі патриоттық тәрбиенің сапасын арттыру; - нәтижелілік сапасын бағалай отырып, патриоттық бағыттағы іс-шаралар бағдарламасын іске асыру. 6 желтоқсанда 1-4 сыныптар арасында «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты суреттер көрмесі өтті. 6-14 желтоқсан аралығында 1-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті. 13 желтоқсанда «Бабалар аманаты – Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараларды дайындауға және өткізуге мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. 8-10 сынып оқушылары "Тәуелсіздік белесі – ұлы арман кемесі" (Алашорда, Желтоқсан – тәуелсіздік бастаулары) тарихи сахналық қойылымын көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова К. К.

15.12.2021

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст