"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мәселелері бойынша 2021 жылға арналған есеп

24.02.2022

1)

   " Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

 

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі , Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы, Степанов көшесі, 9.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

 

   Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде  5 мемлекеттік қызмет, тегін  түрде көрсетіледі.

2021 жылы барлығы - 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны- 76, қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны- 26 (2020 жылы барлығы - 98 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны- 88, қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны- 10):

 

 

1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру-0

 

2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу- 0

 

3. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-0

 

4.Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру - 0

 

5. Қорғаншылар мен қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау-0

 

6. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою- 0

 

7. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау- 0

 

8. Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру- 0

 

9 .Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру - 0

 

 

10. Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау- 0

 

11. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау- 0

 

12. Бастауыш, негізгі орта ,жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 0 (2020 жыл -2 қағаз түрінде)

 

 

13. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну - 14 ( ЭҮП - 10, 4 –қағаз түрінде) (2020 жыл -3 қағаз түрінде)

 

 

14. Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру-2  (қағаз түрінде) (2020 жыл -2 қағаз түрінде)

 

 

15. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-0

 

16. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою-0

 

17. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 0

 

18. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау-64 ( 48 - ЭҮП, қағаз түрінде - 16) (2020 ж- 70 , 67- ПЭП, 3- қағаз түрінде )

 

 

19 . Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау-0

 

20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау - 2 (ЭҮП) (2020 жыл -8, ПЭП)

 

21. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру-0

 

22. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау - 20 (16 - ЭҮП, 4-қағаз түрінде), ,(2020 жыл-13 , ПЭП)

 

 

3.) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат . Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-

ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.

 

2) бөлім қызметінде жүргізілген ішкі бақылаумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.

 

 

4) Қызмет алушылармен жұмыс:

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Целиноград ауданы Нұресіл ауылындағы ЖББМ мектебінің сайты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Стенд "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Нұресіл ауылы Степанов көшесі , 9

 

5) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мектеп мақсатты жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

 

2022 жылы мектептер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

 

                               

 

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст