"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

05.08.2022

      Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайыңғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.

     Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, акцияның ұраны:

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық».

 

      Целиноград ауданының Нұресіл ауылының тұрғындары, әрбір азаматы, бизнесмендері, кәсіпкерлері, меценаттары халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, балалардың мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

 

 

 

Нұресіл ауылының ЖОББМ

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Худайбергенова Г.Э.

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст