"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты отбасы

22.10.2019

Күні, айы, жылы:21.10.2019

Тақырыбы: Бақытты отбасы

Мақсаты: 1.Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

2.Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: корсету, түсіндіру, сұрақ, жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңберін құру.

Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекекей ендеше «Сәлем»-дейік үлкенге.

Саламатсыздар ма? Құрметті қонақтар.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Оқушылар қонақттармен амандасады.

Ұйымдастыру-щылық

Қозғаушылық

Тақырыпты ашу:Жұмбақ арқылы ашу.

Мағанда, сағанда,

жақын туыс- бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәріде өз жұртың

Айтады, кәне, кім атын? (ата,апа,ана,аға,іні,)

.Әңгіме жүргізу.

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Тағы неге ұқсатасындар?

Отбасы адам баласының түп қазығы алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық, суығына бейімделіп, ықпалына көніп осында ер жетеді.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-анаң,

Отбасы – туыстарымыз,

Отбасы – ол шаңырақ.

– Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Олар: ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.

2. Сергіту сәті: Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен

орындалады.

3. Суреттпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оныңмүшелерін айтқызу.

– Мына отбасында ат, әже бар екен, балалар, тағы кім бар екен ?


 

– Төрде кім отыр?

– Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

– Шайды кім құйып беріп отыр?

– Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамызбен әжеміз бар гой?


 

4. Үлестірмелі материялмен жұмыс. «Менің отбасым» Берілген суреттің ішінен (анасын) отбасы мүшелерін табу.

– Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сойлемейміз.

Жол береміз.

Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық корсетеміз.


 

Балалар жауап беруге тырысады.


 


 


 


 


 


 

Балалар бірге қайталайды.


 


 


 


 


 

Балалар бірге қайталайды.


 


 


 


 

Саусақтарды көрсетіп айтады


 

– Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

– Отбасы мүшелері жыйналып шай ішіп отыр.

– Ата отыр.


 


 

– Анасы шай құйып беріп отыр

Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Балар бірге қайталап айтады.

 

Рефлексиялық

Түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу

іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.

Отбасы және оның мүшелері туралы әі\ңгімелейді.

Күтілген нәтиже:

отбасы мүшелерінің туысқандақ қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне ұамқор болу керектігін біледі;

отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіндік тиесілі міндеттерін игереді;

отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормпларын сақтай беруді меңгереді.

Просмотров: 854


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст