"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан әкімінің жастармен кездесуі

12.11.2019

 

Бүгінгі кездесу барысында елбасымыздың   жастарға жолдауы таныстырылды. 
Жиын  Аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлының баяндамасынан басталды. Жиын барысында жастарға арналған көптеген бағдардамалар түсіндірілді. Атап айтсақ жас отбасылар,жастар мен жастар ұйымын қорғау, жұмысының тиімділігін арттыру жайлы көптеген өзекті дүниелер айтылды.
Жастарға діни экстремизм жайлы бұқаралық қауіпсіздік туралы баяндама оқылды.
Аудан әкімі Малғаждар Саттарұлы жастарға Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 2019 жылы Бастау жобасымен ұқсас Жас кәсіпкер жобасы жайлы қысқаша тоқталып өтті. Жас кәсіпкер жобасының  мақсаты- жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие,грант алу және бизнес ашу. Жас кәсіпкер жобасы бұл елдің үздік 
бизнес-жаттықтырушыларының нақты кейстері мен мастеркластары, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға толық ену. Жиын барысында осындай маңызды жобалардың мақсат-міндеттері таныстырылды. Жастар ресурстық орталықтарының Спикерлері де осы жиын аясында ЖРО-ның атқарып жатқан жұмыстары туралы қорытынды баяндама жасап, мақсаты туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді. Атап айтсақ, ЖРО яғни бұл ұйымның пайдасы қандай?
Осы сауал аясында баяндама оқылды.
ЖРО-ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, өмірлік маңызды дағдыларға үйрету, жастар бастамаларын қолдау және жастардың қажеттілігі негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы жастармен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік ұйым.Осылайша, ЖРО жастардың,оның ішінде оның осал санаттарының қоғамға әлеуметтенуі мен әлеуметтік кірігуіне жәрдемдеседі.   
Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст