"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат

25.11.2019

    Қазіргі таңда жас ұрпақтың бойында бір біріне деген сыйластығын дамыту, оң көзқарас қалыптастыру, өзінің рухани құндылықтарын бағалай білу  сияқты  қасиеттері өзекті мәселе болып отыр.  

   Осыған орай Нұресіл ауылы орта мектебінің бастауыш сыныптарында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» атты тәрбие сағаттары өтті.  

  Жалпыадамзаттық құндылықтар – өмірді бар қыр сырымен сүю, махаббат, жауапкершілік, адамзатқа қызмет ету, риза болу, барыңмен бөлісу, тіл тазалығы мен мәдениеті, салауатты өмір салты, шынайылық, кешіре білу, жанашырлық, үлкендерге құрмет, басқаларды сыйлау, табиғатты аялау, барлық дін мен ұлттарды құрметтеу.

     Сынып сағаттарында оқушылар алдына «Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не?», «Сен үшін ең құнды нәрсе не?» деген сұрақтар қойылды. Оқушылар адамгершілік құндылықтар туралы өз ой пікірлерімен бөлісе білді. 

     Осы тәрбие сағаттары кезінде  сыныптарда шаттық шеңберлері өткізіліп, «Балалықтың бал шағы» тақырыбында бейнероликтер көрсету ұйымдастырылды.

Әлеуметтік  педагог:  Дюсембаева Г.К.

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст