2022 жылдың 13 желтоқсанында Целиноград ауданы Қызылжар ауылының орта мектебінде 5-6 сынып оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Бұл Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінен барлығы 9 оқушы қатысып, өз білімдерін сынап көрді.
Олимпиада жұмыстарының қорытындысы бойынша жинаған баллдар саны негізінде аудандық кезеңде мектебімізден 3 оқушы жүлделі орынға ие болды, атап айтатын болсақ : Есенбаева Камила 5 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 орын (жетекшісі Жусупова У.К.), Нигметова Айша 5 сынып оқушысы Қазақстан Тарихы пәні бойынша 2 орын (жет.Нигметов А.Н.), Айтбаева Рания 6 сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен 3 орындарға (жет.Косубаева Б.Т.) ие болды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне берсін!