"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Іскер әйелдер ассоциациясы » біріккен қоғамынан келген сыйлық

19.12.2019

« Іскер әйелдер ассоциациясы » біріккен қоғамынан келген сыйлық

Целиноград ауданы «Іскер әйелдер ассоциациясы» біріккен қоғамы Нұр – Сұлтан қаласындағы циркке баруды ұйымдастырды. Нұресіл ауылы орта мектебіндегі көпбалалы отбасынан шыққан балалар 2019 жылы 16 желтоқсанда «Мерекелік дивертисмент» бағдарламасы бойынша қойылған циркке барды.

Осы жолғы біз барған цирк керемет болды. Бағдарлама ауқымы өте кең. Біз бұл саланың маманы болмасақ та, цирк өнеріндегі осы бағдарламаның жаңашыл тұстарының көптігін айта аламыз, әдеттегі цирк нөмірлерін қоюшы- акробаттар, гимнасттар, сүйкімді күшіктер мен азулы арыстандар өз өнерін бізге паш етті. Шынымызды айтсақ, осындай керемет көңіл –күйді көптен бері сезінбеппіз.

Әрине осындай эмоциялық сезім балалар мен олардың ата –аналарының есінде мәңгілікке қалады. Балалар мен ата-аналардың атынан бізге осындай қуаныш сыйлаған «Іскер әйелдер ассоциациясы» біріккен қоғамының төрағасы Хасенова Жанар Наухановна мен осы ұйымның мүшесі, Нұресіл ауылы орта мектебінің директоры Конкыбаева Алия Оразалиевнаға алғысымдызды айтамыз! Сондай –ақ барлығымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтағым келеді!

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст