Текст
2023 жылдың 13 қаңтарында 2-11 сынып оқушыларының арасында жазушы А.С.Пушкиннің өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу,эссе жазу,көрініс қою және т.б.номинациялар бойынша аудандық сайыс өтті. Сайысқа ауданымыздың барлық мектептерінен көптеген оқушылар қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Бұл сайыс онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Аудандық сайысқа Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінен 9 сынып оқушылары Касымова Адина мен Омарова Лейла қатысты. Адина оқушымыз жазушының өлеңдерін жатқа оқып берсе, Лейла эссе жазды. Аудандық сайыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз Касымова Адина мен Омарова Лейла жүлделі 3 орынға ие болды. Болашақта биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!!!