2023 жылдың 20 қаңтарында Целиноград ауданы Қараөткел №2 ЖОББМ-де 7-8 сынып оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Бұл Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне Нұресіл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінен барлығы 14 оқушы қатысып, өз білімдерін сынап көрді.
Олимпиада жұмыстарының қорытындысы бойынша жинаған баллдар саны негізінде аудандық кезеңде мектебімізден 3 оқушы жүлделі орынға ие болды, атап айтатын болсақ : Джикия Зарина 8 сынып оқушысы математика пәні бойынша 3 орын (жетекшісі Хибадат А.), Бегенов Ерасыл 7 сынып оқушысы биология пәні бойынша 3 орын (жет.Тютенова З.Т.), Асылбек Алтынай 8 сынып оқушысы биология пәнінен 3 орындарға (жет.Тютенова З.Т.) ие болды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне берсін!