Текст
2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен өңірлік Дарын орталықтарының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өтетін «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі басталды. Бұл олимпиаданың мектепшілік кезеңіне Нұресіл ауылының ЖОББМ-нен 11 оқушы тіркеліп, 11 оқушы қатысып отыр. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!