"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылар күні

27.10.2023

Қамқоршылар күні – ерекше мереке, бала тәрбиесінің ауыр жүгін арқалаған жандардың, ерекше мұқтаж балаларға жан жылуын, нәзіктік пен ілтипат сыйлай білетін жандардың мерекесі.
              2010 жылдан бастап Қазақстанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Шығармашылық бастамашыл әйелдер лигасы» қоғамдық ұйымдары, «Бала дауысы» қоғамдық қорлары, «Қазақстан Сақшылар одағы» республикалық «Балаларға жылулық сыйла» акциясы аясында 29 қазанда «Қамқоршылар күні» мерекесі аталып өтуде. 
       Қамқоршылар күні мерекесі – қамқоршы отбасылар мен осы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім балаларға арналған қайырымдылық акциясы. Бұл шараның мақсаты – қорғаншыларды (қамқоршыларды), патронаттық тәрбиешілерді қолдау, өз отбасына бала асырап алған отбасыларға алғыс білдіру, бөтеннің балалары мен бөтен бақытсыздықтар болмаған адамдарды ынталандыру.
     Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы болғандарға алғыс айту игі дәстүрге айналған. Нұресіл ауылы жалпы орта мектебі әкімшілігі 
4 «б» сынып оқушысы Шакиров Наиль Руслановичті тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті мойнына алған қамқоршымыз – Азимова Лида Минихановнаны атаулы мерекемен  шын жүректен  құттықтайды. 

 

Просмотров: 2422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст